Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, аудан әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары Құрық ауылын аралап, құрылыс және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Алдымен Құрық ауылында 2000 м³ көлеміндегі екі резервуардың құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы тексерілді. Аталған нысан — елді мекен тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Бүгінгі күні жоба аяқталу сатысында.
Сондай-ақ, аудан басшысы Қарақия станциясында жаңадан бой көтеріп жатқан аула клубының құрылыс жұмыстарын бақылап, жауапты тұлғаларға құрылыс – монтаж жұмыстарын жандандыруды, құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуын және қолданылатын материалдардың сапасына баса мән беруді жүктеді.
Аудан әкімі аталған нысандардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1204094?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау