#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Егер сізге құқық қорғау органдары өкілдерінің дәл осындай бейнесі мен дауысын пайдаланып, азаматтарды алдау, жеке деректерін ұрлау немесе ақша талап ету мақсатында жасалған бейнежазба келсе, бұл – Deepfake киберқылмысының бір түрі.
 
Deepfake — адамның бет-бейнесі мен дауысын жасанды түрде құрастырып, оны шынайы сөйлеп тұрғандай етіп көрсететін жалған видео немесе аудио.
 
Қысқаша айтқанда, көріп тұрғаныңыз шынайы сияқты көрінгенімен, ол жалған болуы мүмкін.
Мына ережелерді есте сақтаңыз:
– Ақша сұралса — міндетті түрде тексеріңіз;
– Дауыс немесе видео болса да — қайта хабарласып нақтылаңыз, бірден шешім қабылдамаңыз.
– Бейтаныс сілтемелерді ашпаңыз.
 
Сонымен қатар, күмәнді сайттар «Кибербақылау» платформасы арқылы анықталып, алаяқтар таратқан жалған бейнежазбалар мен фишингтік ресурстар бұғатталды.
 
Алаяқтық белгілерін байқасаңыз, дереу «102» нөміріне хабарласыңыз.
Өз қауіпсіздігіңіз бен қаржылық қаражатыңызды қорғау — әр азаматтың міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1204763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version