Екібастұз қаласында «Қайнар» оқу орталығының базасында тау-кен өндіру саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы тақырыбында оқыту курсы өтті.
Іс-шараны Халықаралық еңбек ұйымы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп ұйымдастырды. Курс лекторлары ретінде еңбекті қорғау саласындағы сертификатталған сарапшылар — Еділбаева Л.И. және Омарова А.Т. тартылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, кәсіподақтардың және сала кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Семинар барысында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Қапанов А. еңбекті қорғаудың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық пікірімен бөлісті.
Оқыту барысында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуі, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, еңбек гигиенасы және қызметкерлерді қорғау мәселелері қарастырылды. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге кепілдіктер, өтемақылар мен әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Практикалық бөлімде өндірістік жағдайлар талданып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
Аталған курс еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға және әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1204232?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау