«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде «Терезе-SAFE» ауқымды ақпараттық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалар 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр.
Мектептер мен балабақшаларда «Қауіпсіз үй» тақырыбында сабақтар мен арнайы мамандардың қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіледі.
Үй басқарушыларымен және белсенді тұрғындармен бірлесіп, терезелерге арнайы құлыптар орнату және қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшаларды тарату жұмыстары ұйымдастырылады.
Жаңа туған нәрестелерді патронаждық тексеру кезінде медицина қызметкерлері үй ішінде шағын «қауіпсіздік аудитін» жүргізіп, ата-аналарға нақты кеңестер береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1204182?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау