Елордада Halyk Bank жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Президенттік саябақ аумағында ауқымды сенбілік жұмыстарын өткізді.

Ұйымдастырушылар «Таза Қазақстан» акциясының маңызына тоқталып, бұл бастаманың тек бір реттік іс-шара емес, ұзақмерзімді экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Өткен аптадан бері елордада тазалық жұмысы қарқын алып, ауқымы күн санап кеңейіп келеді. Президенттік саябақтағы сенбілікке 350-ден астам адам жұмылдырылып отыр. Бұл «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Басты мақсат – Астана қаласының тазалығын сақтау ғана емес, тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті орта қалыптастыру.

Бүгінгі тазалық жұмыстары Сығанақ көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықты қамтиды», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Райымбек Нысанбаев.

Айта кетейік, елімізде экологиялық мәселелерге деген қоғамдық назар айтарлықтай артып келеді.

«Біз үшін туған қаланың тазалығы – ортақ жауапкершілік. Сондықтан әрбір тұрғын бұл іске бейжай қарамауы тиіс. Тазалық тек айналамыздан ғана емес, ниетіміз бен ойымыздан да басталады. Осындай сенбіліктер – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі. Өткен сенбілікте де, бүгінгі шарада да қала тазалығын сақтауға баршамыз бір кісідей жұмылып отырмыз.

Бұл – қоршаған ортаға деген құрметіміздің және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің нақты дәлелі», – деді Астана қалалық Halyk Bank филиалының директоры Жанар Рахимова.

 

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1204396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version