Елордада жазғы веломаусымның шымылдығы түріледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 25 сәуір күні жазғы веломаусымның ресми ашылуы өтеді. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылады.

Велошеру бағыты 21 шақырымды құрайды. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастап, Ильинка (Үркер) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Қатысушыларды тіркеу велошеру күні, яғни 25 сәуірде сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Шараның басталуы – 09:00.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, велошеруге қатысушылар саны 700 адамға дейін шектелген.

“Биыл бұл дәстүрлі шара «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» республикалық акциялары аясында ұйымдастырылып отыр.

Шара саябақ аумағында ұйымдастырылатындықтан, қала көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылмайды. Велошеруге елорда тұрғындары мен қонақтары жасына қарамастан қатыса алады. Қатысушылар саны 700 адамға дейін шектелген, қатысу тегін.

Бұл – тек велосипед тебу ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттайтын және қоғамды біріктіретін маңызды шара”, – деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Сондай-ақ, велошеру соңында тіркелген қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Айта кетейік, іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1204403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version