«Ескерткішке құрмет» қоғамдық акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткішке құрмет» атты қоғамдық тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Атаулы күн аясында мәдениет үйінің қызметкерлері Енуар Ілімжанов ескерткішін және 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштерді тазалап, маңайын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында ескерткіштердің тазалығы мен сақталуына ерекше көңіл бөлініп, олардың тарихи және рухани маңызы кеңінен түсіндірілді.

Қатысушылар ел тарихын дәріптеу, өткенге тағзым ету – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындар мен жастарды тарихи-мәдени мұраларға құрметпен қарап, оларды күтіп ұстауға, туған жердің қасиетті орындарын қадірлеуге шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1203991?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version