Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай қорымдар тазартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай қорымдар тазартылды.

“18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне”орай ауылдық округте тағылымды әрі маңызды шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – ауыл тұрғындарының бірлесіп қорымдарды тазалау жұмыстары болды.
Аталған күні ауыл азаматтары, мекеме басшылары, жастар және еріктілер топтары бірігіп, ауыл маңындағы зираттар мен көне қорымдардың аумағын қоқыстан тазалап, ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қоршаулар түзетіліп, айнала шөптер шабылып, жалпы санитарлық жағдайы жақсартылды.
Бұл бастама – ата-баба рухына деген құрметтің айқын көрінісі. Қорымдарды күтіп ұстау – әрбір азаматтың парызы екендігін тұрғындар жақсы түсінеді. Осындай игі істер арқылы жастарға үлкен өнеге көрсетіліп, туған жердің тарихы мен қасиетті орындарын қадірлеу мәдениеті қалыптасады.
Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да қорымдарды күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.
Мұндай шаралар қоғамда бірлік пен жауапкершілікті арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-zhinishkeqym/press/news/details/1204692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version