Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Рейімбаева Жанар Нұрдәулетқызы Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен түлектер жәрмеңкесіне қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесіне жас мамандарды тартуға ерекше назар аударылды.

Жәрмеңке аясында түлектерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіби өсу перспективалары, әлеуметтік кепілдіктер және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі қызметтің маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, кадрлық резервті қалыптастыру және өңірдің қоғамдық денсаулығын нығайтуға үлес қосуға дайын білікті мамандарды тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1204112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version