МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МҰРАЖАЙҒА САПАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📍Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде оқушылар арасында патриоттық көзқарасты қалыптастыру және мемлекеттік қызмет атқару ерекшеліктерін кеңінен насихаттау мақсатында мектептерде «Мемлекеттік қызмет апталығы» өткізілді. Аталған апталық аясында Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп – гимназиясының жоғары сынып оқушыларына музейге танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

📍Экскурсия барысында оқушылар тарихи жәдігерлермен танысып, еліміздің даму кезеңдері мен мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, музей экспозициялары арқылы мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы мен жауапкершілігі туралы түсініктері кеңейді.

📍Аталған іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, патриоттық рухын нығайтуға және болашақта мемлекеттік қызметке деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1204553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version