Меркі ауданында жастарға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданында Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері жастармен кездесіп, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қатысушыларға «дабыл сөмкесін» дайындау, үй ішіндегі қауіпсіз орындарды анықтау және жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ ғимарат ішінде жасырыну және жер сілкінісі аяқталғаннан кейін баспалдақ арқылы эвакуациялану қажеттігі айтылды. Қосымша ретінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша бейнематериалдар көрсетілді. Мамандар қауіпсіздік ережелерін білу мен сақтау адам өмірін сақтауға көмектесетінін атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1204684?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version