ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерін шешу және олардың өтініштерін жедел қарау мақсатында қала әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы азаматтарды жеке қабылдады.
Белгіленген кестеге сәйкес ұйымдастырылған қабылдау барысында алдын ала тіркелген 5 тұрғынның өтіні мұқият тыңдалып, әрбір мәселе бойынша нақты түсіндірмелер берілді.
Көтерілген мәселелер қатарында тұрғын үй кезегіне тіркелу, кезектен шығару, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытындағы сұрақтар қойылды.
Айта кету қажет, қала әкімінің орынбасары азаматтарды жеке қабылдауды апта сайын, әр жұма күні тұрақты түрде өткізеді. Қабылдауға жазылу «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі немесе Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1203905?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version