«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарабұлақ ауылында игі іс жүзеге асырылды. Ауыл тұрғындарының және жанашыр азаматтардың қолдауымен елді мекен аумағында жас талдар отырғызылды.
Аталған бастама ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға және көркеюіне өз үлесін қосады.
Осы орайда, ауылымыздың дамуына ерекше үлес қосып, демеушілік көрсеткен Әнетов Жәнібек мырзаға округ әкімдігі атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Оның азаматтық белсенділігі мен туған жерге деген жанашырлығы – өскелең ұрпаққа үлгі.
Қоршаған ортаны қорғау және көгалдандыру – баршамызға ортақ міндет. Игі іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1204780?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау