Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІХ сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:

Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХІХ сессиясы 2026 жылдың сәуір айының 24 күні сағат 10-00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.

 

Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

 

– Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органының құрамын бекіту туралы.

Хабарламашы: Д.Жәнібеков – аудан әкімі аппаратының басшысы.

 

  • Басқа да мәселелер.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                             Н.Мендешов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karatobe-maslihat/press/news/details/1204728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version