Қарғалы ауданында кәсіпкерлермен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев пен аудан прокуроры Ернар Урекешов кәсіпкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауға екі өтініш беруші қатысты.
Алғашқы болып «Пчеловоды Актобе» СПК-нің басшысы Александр Сенацкий өз мәселесін көтерді. Ол ауыл шаруашылығы алқаптарында гербицидтерді қолдану барысында ара шаруашылығына келетін қауіп-қатерге назар аударып, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізер алдында омарташыларды алдын ала хабардар етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл мәселе экологиялық тепе-теңдікті сақтау және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру тұрғысынан маңызды екені айтылды.
Екінші өтініш беруші — жеке кәсіпкер Аман Баймышев. Ол қолайсыз ауа райы жағдайларында ауылдық елді мекендердегі жолдардың жабылуы туралы тұрғындарды дер кезінде хабардар ету қажеттігін көтерді. Аталған мәселе халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында өзекті екені атап өтілді.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді. Аудан басшылығы кәсіпкерлермен тұрақты байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын ескеріп, қолдау көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1204128?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау