Қазақстан ДКҰ Еуропа өңірі отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

      2026 жылғы 16–17 сәуірде Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Еуропа өңірі кеден қызметтері басшыларының отырысы өтті.

      Іс-шара барысында өңірлік ынтымақтастықты дамытудың негізгі мәселелері талқыланды, оның ішінде өңірлік құрылымдарды реформалау, әлеуетті арттыру басымдықтары, жеке сектормен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпарат алмасу және тәуекелдерді басқару тетіктерін жетілдіру мәселелері қамтылды.

      Қазақстан Республикасынан аталған отырысқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Кожабергенов қатысты.

      Өңірлік әлеуетті арттыру офисінің қызметіне ерекше назар аударылды, оның ішінде Стратегиялық жоспарды іске асыру, өңірлік дамудың басым бағыттарын айқындау және кадрлық әлеуеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

       Отырыс аясында өңірлік өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, соның ішінде Берген келісімі, сондай-ақ ДКҰ жұмыс органдарына алдағы сайлаулар мен кандидатураларды ұсыну мәселелері қарастырылды.

        Қазақстанның қатысуы өңірлік күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұлттық ұстанымды таныстыруға, Еуропа өңірі шеңберінде келісілген тәсілдерді қалыптастыруға қатысуға, сондай-ақ кедендік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге мүмкіндік берді.

       Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ДКҰ Қаржы комитетіне мүшелікке ұсынылды, бұл қатысушы мемлекеттердің жоғары деңгейдегі сенімін және еліміздің Ұйым қызметіне белсенді қатысуын айғақтайды.

       Қазақстан Еуропа өңірі жұмысына одан әрі белсенді қатысуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға практикалық үлес қосуға дайын екенін растады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1204672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version