Қобдалық «Қарлығаш» тағы да биіктен көрінді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласында өткен «DANCE FEST AQTOBE» XI республикалық байқау-фестивалінде Қобда аудандық мәдениет үйінің «Халықтық ұжым» атағын иеленген «Қарлығаш» би ансамблі жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Өнер ұжымы сахнада өз шеберлігін дәлелдеп, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша ансамбль ұсынған бірнеше би қойылымы бірдей жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Шашу», «Батыр қыздар» және «Мереке тарту» билері Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – ұжымның шығармашылық ізденісі мен табанды еңбегінің жемісі.
“Қарлығаш” би ансамблі аудан мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан белсенді ұжымдардың бірі. Әрбір қойылымда ұлттық нақыш пен заманауи хореографияның үйлесімі көрініс тауып, көрермен көңілінен шығуда.
Ансамбльдің бұл жетістігі – жетекшілердің кәсіби біліктілігі мен бишілердің тынымсыз дайындығының нәтижесі. Өнер ұжымының алдағы уақытта да талай биік белестерді бағындыратынына сенім мол.
Қобдалық өнерпаздарды кезекті жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda/press/news/details/1204011?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version