Орал қаласында өткен “Бабалар ізімен!” Батыс Қазақстан облыстық ұлттық спорт лигасында арқан тартыстан Сырым ауданының намысын қорғаған “Қособа” командасы жеңімпаз атанды.
Қособаның білекті жігіттері лига аясында 12 тартыс өткізген. Жартылай финалда атышулы “Көктерек” командасын 2:0 есебімен ұтты.
Қоржынға түскен 30 ұпай қособалық жігіттердің І орынға шығуын қамтамасыз етті.
Ұпай сандарының тең болуына байланысты Казталов ауданы, Көктерек ауылының құрамасына да І орынның жүлдесі берілді.
Арқанның екі басында жиі жолығатын азулы қарсыластар осылайша жеңіс тұғырын бөлісті.
Қос команданың да ұқсас жері – ел ішінде қасиетті қара күш иелерінің жүргенін дәлелдегенінде, олардың жүректерінде спорттық рухты жаға алғанында.
Рахман БЕКЕСОВ
Ерлан АХМЕТҚАЛИЕВ
Шыңғыс БАТЫР
Асхат БАЙНАЗАРОВ
Қасым ЕСЕНБЕКОВ
Ерболат СИХОВ
Ералы ЕЛЕУСІН
Ерболат АБДУҒАЛИЕВ
Расул АҚТАЕВ
Өрбісін ЫБЫРАЙ
Алтынбек ЖАЙМАНОВ
Әділбек ЖҰМАБАЕВ
Команда жетекшісі: Ахан ХАМИТОВ
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым елі”
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1204077?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау