Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауа райының тұрақталуына байланысты 21 сәуірден бастап қалада жылу беру тоқтатылады.

2025–2026 жылғы жылыту маусымы тұрақты өтті. Жылу жүйелерінде барлық жұмыстар уақытылы жүргізілді. Жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеді.

Жылыту маусымын аяқтау Абай облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған қағидаларға сәйкес, жылыту маусымы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °C-тан төмен емес деңгейде тұрақталған және одан әрі жоғарылаған жағдайда жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде тоқтатылады.

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен ыстық су беру қамтамасыз етіледі. Қала бойынша 601 тұрғын үй, яғни 40 мыңнан астам абонент ыстық сумен қамтылады.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1204277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version