ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР! Соңғы уақытта мал өлекселерін арнайы орындарға апармай, ашық жерге тастау жағдайлары тіркелуде. ЕСКЕРТЕМІЗ:

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!
Соңғы уақытта мал өлекселерін арнайы орындарға апармай, ашық жерге тастау жағдайлары тіркелуде.
ЕСКЕРТЕМІЗ:
Мал өлекселерін бей-берекет тастау – қоршаған ортаға зиян келтіреді, жағымсыз иіс таратады және жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мал өлекселері тек арнайы белгіленген орындарға (мал қорымы, биотермиялық шұңқыр) шығарылуы тиіс.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
– Өлекселерді далаға, қоқыс орындарына немесе су көздеріне жақын жерлерге тастауға
– Санитарлық талаптарды бұзуға
СІЗДЕРДЕН СҰРАЙМЫЗ:
– Тазалық пен қауіпсіздікті сақтаңыз
– Мал қалдықтарын тек рұқсат етілген орындарға жеткізіңіз
Ереже бұзған тұлғаларға заң аясында шара қолданылатынын ескертеміз!
Табиғатты бірге қорғайық
Жымпиты ауылдық округі әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1204023?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version