Қызметке дайындық бақылауда: Шымкент полициясында саптық байқау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының полиция департаментінде жеке құрамның саптық байқауы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметтік тәртіпті нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттыру.

Тексеру барысында департамент басшылығы қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік куәліктерінің болуын, арнайы жабдықтары мен техникалық қамтамасыз етілуін назарға алды. Сонымен қатар, белгіленген киім үлгісін сақтау және құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету дайындығына ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай шаралар қызметтік даярлықтың маңызды бөлігі болып табылады. Олар жеке құрам арасындағы тәртіпті күшейтіп, жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1204280?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version