16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні. Мерекеге орай аудан әкімдігінде сала мамандарына құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жомарт Бақыткелді, бөлім басшылары және сала мамандары қатысты.
Бұл кәсіби мереке тұрғындарды жылумен, сумен, жарықпен қамтамасыз етіп, инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуін қадағалайтын мамандардың еңбегін құрметтеу мақсатында белгіленген. Бұл сала қызметкерлерінің күнделікті жұмысы – қаланың тазалығы мен әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруінің кепілі. Жылу, су, жарықпен қамтамасыз етіп отырған мамандардың жұмысы көзге көрінбейді, бірақ арқалаған жауапкершілік жүгі өте ауыр.
Мерекеге орай аудан әкімінің міндетін атқарушы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында қызмет етіп жүрген жұмысшыларды мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1203925?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау