Шаршаудан биік — қызметтік борыш

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұзақ жұмыс күнінен кейін әр адам үйіне оралуды армандайды. Жақындары күтіп отырған, тынығып, отбасыңмен бірге кешкі ас ішіп, бой жазатын сол бір жылы ортаға жетуді қалайды. Осындай оймен Панфилов аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Айдын Башен де кешкі уақытта қызметін аяқтап, үйіне қайтуға қамданған еді.

Сағат шамамен түнгі он бірлерде ол такси шақырып, сыртқа шықты. Алайда сол кеште оның үйге барар жолы кейінге шегерілді.

Ғимараттың дәл алдында оның назарын жол-көлік оқиғасы аударды — Mercedes Benz пен Audi 100 автокөліктері соқтығысқан. Бір сәт те ойланбастан, офицер оқиға орнына қарай жүгірді. Жағдайды бағамдай келе, ол көліктердің бірінің ішінде ауыр халдегі ер адамды байқады: зардап шегуші түсініксіз сөйлеп, қан кетіп жатқан, есінен тана бастаған.

Уақыттың әр секунды қымбат екенін түсінген Айдын Башен ер адамды көліктен шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ол зардап шегушінің тыныс алу жолдарының бітеліп қалмауын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, айналадағы адамдардан басқа зардап шеккендерге көмектесуді сұрап, жедел жәрдем шақыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1204838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version