18 сәуір күні сағат 10:00-де Ойыл ауданында табиғатты қорғау және қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында маңызды экологиялық шара ұйымдастырылды. «Мектеп орманшылығы» жобасын жүзеге асыру аясында өткен бұл игі бастама Орман шаруашылығы мекемесі мен Ойыл аудандық білім бөлімінің тығыз ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асты.
Аталған шараға Ойыл ауданының әкімі, білім бөлімінің өкілдері, белсенді педагогтер және мектеп оқушылары қатысып, аймақтың экологиялық әлеуетін арттыруға сүбелі үлес қосты. Іс-шара барысында қатысушылардың бірлескен еңбегімен 120 түп терек көшеті отырғызылды. Бұл акция тек көгалдандыру жұмысы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа туған жердің табиғатын сүюді, оны көздің қарашығындай сақтауды және экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздеген тәрбиелік мәні зор қадам болды.
Педагогтер мен оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған бұл бастама ауданның жасыл желекке орануына және болашақ ұрпақ үшін таза, жайлы орта қалыптастыруға қосқан маңызды үлес деп есептейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1204014?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау