ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: “ТАЗА АУЛА” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданы аумағындағы қала және елді мекендерде халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза аула» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстары таңғы сағат 10:00-де басталып, оған Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бастаған барлық мекемелер мен ұйым қызметкерлері белсене қатысты.
Іс-шара барысында республикалық маңызы бар А-15 автожолы бойындағы шөптер орылып, бей-берекет тасталған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, ағаш түптері әктеліп, арық-атыздар тазартылды, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы ауданға қарасты 13 ауылдық округ пен қала аумағында өткен сенбілікке 17 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 14 тонна қоқыс арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1204735?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version