17.04.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы мен Жетісу облысының нотариаттық палатасы, Жетісу облысының адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуымен Кербұлақ ауданы Қарабұлақ ауылында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді. Аталған шараның мақсаты – әділет органдарының құзіретіне жататын азаматтардың сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету. Акция барысында азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, 21 азаматқа құқықтық консультация берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1204153?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау