Түпқараған ауданында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды профилактикалық акция өткізді.

Түсіндіру жұмыстары азаматтар көп жиналатын орындарда — коммуналдық базарда, сауда үйлерінде, қоғамдық кеңістіктерде, көшелер мен жаяу жүргіншілер аймақтарында жүргізілді. Тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және олардан қорғану тәсілдері түсіндірілді.

Әсіресе «банк қызметкері», «қауіпсіздік қызметі өкілі» және «құқық қорғау органдарының қызметкері» ретінде алдайтын схемаларға, сондай-ақ онлайн саудадағы алаяқтыққа, жалған сілтемелер мен хабарландыруларға ерекше назар аударылды.

Акция барысында азаматтарға 1300-ден астам ақпараттық брошюра таратылып, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар кезінде әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.

Полиция ескертеді: банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға беруге болмайды. Алаяқтыққа күдік туындаған жағдайда бірден «102» нөміріне хабарласу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1204263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version