ТҮРКІСТАНДА «АЙТЫСТЫҢ АЛТЫН АЙДАРЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Артық білім – кітапта » апталығы аясында белгілі айтыскер ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері, “Алтын домбыра” иегері Бекарыс Шойбековпен «Айтыстың алтын айдары» атты кездесу кеші өтті.
 
Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдәзім жүргізіп отырды.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қонысбеков Әділ Нұржанұлы сөз алып, кеш иесіне ықыласын білдірді.
 
Бағдарлама аясында мазмұнды шығармашылық сұхбат ұйымдастырылып, қатысушылар үшін ашық микрофон алаңы ұсынылды.
 
Іс-шараның мақсаты – ұлттық сөз өнерін дәріптеу, айтыстың қоғамдық-рухани маңызын насихаттау және жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыру. Кеш барысында мәдени бағдарлама ұсынылып, ақын шығармашылығына арналған «Айтыстың алтын айдары Бекарысы» атты төрт томдық жинақтың тұсаукесері өтті.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1204134?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version