Жас педагогтердің кәсіби өсуін арттыру, шығармашылық және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2026 жылғы 13 – 17 сәуір күндері «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VIІІ Республикалық байқауының республикалық кезеңі Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.
Байқауға еңбек өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі жас педагогтер қатысты.
Конкурстың нәтижесі бойынша Тохтарова Лаура Сериковна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 7 орта мектебі» КММ орыс тілі пәні мұғалімі «Үздік қатысушы» номинациясына болды.
Жас маманға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен сарқылмас шабыт тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1204250?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау