🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ХАТТАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың 2026 жылғы 16 сәуірдегі «Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ филиалдары қатысқан кеңес отырысының» хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында бүгін, Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлының және Департамент қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті.
 
Кеңес барысында Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлын Департаментте атқарылып жатқан жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру бойынша жұмыс жоспарымен, сақтандыру шартын рәсімдеген және рәсімдемеген ұйымдардың атауымен және ұйым басшыларының байланыс деректері туралы ақпаратпен бөлісті.
 
Сонымен қатар, Департамент басшысы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлына сақтандыру шарттары жасауда филиалдың үлесі төмен екендігі атап өтіп, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының рәсімделу барысын іске асыруды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
 
Сондай-ақ, кеңес барысында келесі мәселе, Түркістан облысының аудан, қалаларына қарасты мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) «enbek.kz» порталында еңбек шарттарын рәсімдеу тәртібі бойынша тиісті жұмыстарды іске асыруды жүйелеу қажеттігі атап көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1205659?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version