Ақсуда ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау жолдары қарастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсу қаласында «Инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагог-ассистенттің рөлі» атты қалалық семинар өтті. Іс-шараға Ақсу өңірінің мектеп директорларының инклюзия бағыты бойынша оқу ісінің орынбасарлары мен педагог-ассистенттері қатысты.

 

Семинар барысында қатысушылар нормативтік-құқықтық құжаттармен танысып, педагог-ассистенттің кәсіби қызметінің мазмұнын ашатын негізгі құжаттамаларға тоқталды. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдаудың тиімді тетіктері кеңінен талқыланды.

 

Іс-шара аясында педагогтар оқыту үдерісін бейімдеудің заманауи жолдарын, тиімді әдіс-тәсілдерді саралап, тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Практикалық кейстерді талқылау барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде олардың құзыреттілігін арттыруға және күнделікті жұмысында жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік берді.

 

Семинар қорытындысында қатысушылар мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының маңыздылығын ерекше атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кәсіби кездесулерді жүйелі түрде өткізу қажеттігін білдірді. Инклюзивті білім беруді дамыту жолындағы мұндай іс-шаралар педагогтардың біліктілігін арттырып қана қоймай, әрбір баланың сапалы білім алуына жағдай жасауға ықпал етеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1205315?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version