Ақжал кенті тазалықты қолдайды! 🌿

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 18 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақжал кентінде «Таза аула» сенбілігі өтті.

​Кентіміздің тазалығы мен көркейіп-көгалдануына бей-жай қарамайтын тұрғындар көше, аулалар мен балалар алаңдарын ретке келтіруге белсене атсалысты.

​Сенбілік барысында:​ көпқабатты үйлердің аулалары , көшелер, мекеме маңайлары қоқыстан тазартылды; ​Балалар ойын алаңдары мен демалыс орындары ретке келтірілді; ​Кентіміздің санитарлық жағдайы жақсарып, айналамыз таза кейіпке енді.

Тазалық – табалдырықтан басталады. Ортақ үйіміздің таза болуына үлес қосқан әрбір тұрғынға, еріктілерге және мекеме қызметкерлеріне алғыс білдіреміз! 🤝

​Тазалық акциясы тұрақты түрде өткізіледі. Кентімізді бірге көркейтейік!Таза өлке, жарқын болашақ!​

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1205189?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version