Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақжал кентінде асық ату спортынан «AQJAL CUP» республикалық ашық турнирі өтті.
Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен үздік спортшылар қатысып, тартысты әрі жоғары деңгейде өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Шымкент қаласының ойыншысы Нұрқисса Молжігітов
🥈 II орын – Павлодар облысының спортшысы Нұрланов Жомарт
🥉 III орын – Қарағанды облысының ойыншысы Саураубай Елдос және Ақмола облысының ойыншысы Амбирин Серік
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық спортты дамытуға үлкен үлес қосты.
Осы аталған жарысты өткізуіне ұйымдастырушы алқасы атынан ат салысқан ауыл азаматтарына, Мухамедин Бахтиярға, “Шұғыла” мәдениет үйінің ұжымына, Ақжал негізгі орта мектебіне, Ш.Батталова атындағы тірек мектебіне, “Әлімшайқы Сәлімбаев” спорт кешенінің ұжымына алғыс айтылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1205164?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау