Аудандық «AMANAT» партиясы филиалының ғимаратында аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ қоқыстанған аумақтарды тазарту және көркейту мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер берді. Жедел шешуді қажет ететін сұрақтар бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Ал қосымша зерделеуді талап ететін мәселелер аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.
Сонымен қатар, жауапты бөлімдер мен ұйымдарға елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, сондай-ақ тұрғындармен кері байланысты күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр сейсенбі күні алдын ала жазылу арқылы қабылдайды. Қабылдауға жазылу үшін 8 (72144) 21721 нөміріне хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1205654?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау