Аудан бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрайымы – аудан әкімінің орынбасары А. Ахметова, комиссия хатшысы Т. Бұрлыбай, Отбасын қолдау орталығының мамандары және ювеналдық полиция инспекторлары бірлесіп, аудандағы жайсыз отбасыларды аралап, олардың тұрмыс-тіршілігін зерделеді.

Рейд барысында отбасылардың әлеуметтік жағдайы, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі, ата-аналардың жауапкершілігі басты назарға алынды. Әрбір отбасының жағдайы жеке қарастырылып, құқықтық және әлеуметтік тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажетті жағдайда мемлекеттік қолдау алу жолдары ұсынылып, нақты бағыт-бағдар берілді.

Басты мақсат – балалардың құқығын қорғау, олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету және отбасы институтын нығайту.

Осындай кешенді шаралар арқылы әлеуметтік мәселелердің алдын алып, әрбір баланың жарқын болашағына жағдай жасау көзделуде.

Рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, бақылау күшейтілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1205490?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version