БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Бәйтерек ауданында «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша аудан әкіміне, аудан әкімінің орынбасарларына, аудандық мәслихат төрағасына, бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне тікелей жүгініп, сауалдарын қойды.
Қабылдауға келген азаматтар негізінен тұрғын үй, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік қолдау және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Әрбір өтініш мұқият қаралып, заң аясында нақты түсіндірмелер берілді.
Жалпы, «Ашық әкімдік» форматы халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, тұрғындардың өтініштерін жедел әрі сапалы қарауға мүмкіндік беретін тиімді алаң екенін көрсетті.
Аудан әкімдігі тарапынан көтерілген мәселелер тұрақты бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1205066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version