Бүгін Бәйтерек ауданының Январцев, Рубежин, Дариян және Байқоныс ауылдық округтерінде аудан әкімі М. Тоқжановтың қатысуымен есептік кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен алдағы кезеңге белгіленген міндеттер жан-жақты қарастырылып, тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша ой-пікір алмасуға мүмкіндік жасалды. Халықтың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, көтерілген сұрақтарға құзырлы мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1205095?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау