Сессия жұмысына Қостанай қаласы әкімі аппаратының заңдық қызмет басшысы Туребекова Асем, Қостанай қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Манатова Акбопе және Қостанай облысы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері Бримбаева Гүлширан қатысты.
Депутаттардың бірдауыс шешімімен бос орындарға Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайланды және Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мекемеаралық комиссияның кадрлық өзгерістерге байланысты жеке құрамына өзгерістер енгізу бекітілді.
Дауыс көпшілігімен әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын алып тастау мәселесі бойынша әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне, оның мөлшерін белгілеуге және жекелеген мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін анықтауға өзгерістер енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1205711?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау