Бюрода ауыл шаруашылығындағы деректердің дұрыстығы мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында мал және өсімдік шаруашылықтарындағы деректердің дұрыстығы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бесінші кеңесі өтті. 

Кездесуге ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, «Бәйтерек» холдингінің, сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоса алғанда, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері статистикалық ақпараттың сапасы мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде деректердің бұрмалану қауіпін азайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Ақпараттық жүйелердің интеграция мен АӨК бірыңғай цифрлық экожүйесін дамытуды қоса алғанда, агросекторды цифрландыру бағыттары да сөз болды. 

Сондай-ақ, деректердің негізгі көзі ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшудің ықтимал мерзімдері қарастырылды. 

«Ақпараттық жүйелер бір орында тұрмайды – әрдайым дамып, жаңа мәліметтермен толығып отырады. 
Интеграциялық келісімдерді кеңейту мәселелері жиі көтеріліп отырады, сондықтан жедел ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету өте маңызды. Бюро мемлекеттік органдармен бірлесіп, ақпараттық жүйелердегі деректердің сапасын қамтамасыз ете отырып, саланы цифрландыруды жеделдету жөніндегі кешенді шараларды іске асыру жұмысын үйлестіріп келеді», – деді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев. 

Кездесуде әкімшілік есепті автоматтандыруды дамыту және ауыл шаруашылығындағы ғарыштан жасалған мониторинг деректерін қолдану мәселелері де талқыға түсті. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне ғарыштан түсірілген мониторинг деректерін статистикалық мақсаттарда да, мемлекеттік қолдау көрсету туралы шешімдер қабылдау кезінде де жүйелі пайдалану мәселелерін пысықтау ұсынылды. 

Кеңес қорытындысы бойынша жұмыс тобының қатысушылары аграрлық сектордағы деректердің ашықтығын, дұрыстығын және салыстырымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1205501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version