Бүгін Түркістан қаласындағы №5574 әскери бөлімінің базасында жалпы білім беру мектептерінің 10-сынып оқушыларына арналған далалық оқу-жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы, полковник Дилмурад Абдурашитұлы, сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысып, оқушыларға жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Спикерлер өз сөздерінде Отанға адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтіп, жастарды патриоттыққа, тәртіпке және жауапкершілікке шақырды.
Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. №5574 әскери бөлімінің жауынгерлері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен арнайы көріністер көрсетіп, қатысушыларға әскери дайындықтың элементтерін таныстырды.
Іс-шара аясында әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға заманауи әскери құрал-жабдықтар таныстырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1204886?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау