Еңбек шартын еңбек тапсырысы шартынан айырмашылығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында 27 баптың 1-1-тармағына мынадай мазмұндағы толықтырулары енгізілді: «1-1. Егер онда осы Кодекстің 27-бабында көзделген еңбек шартының айрықша белгілерінің кем дегенде біреуі болса, жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасасуға жол берілмейді.
* Еңбек шартының белгілері: егер сіздің келісімшартыңыз, оның атауына қарамастан, келесі белгілердің кем дегенде біреуін қамтыса, ол еңбек болып саналады:
o белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша жұмысты орындау.
o еңбек тәртібіне бағыну арқылы міндеттемелерді жеке орындау.
o еңбек ақысын алу.
* Құқықтық салдарлар: Осы белгілердің кез келгенін қамтитын шарт автоматты түрде еңбек деп танылады және еңбек заңнамасында көзделген барлық кепілдіктер мен әлеуметтік төлемдерге әкеп соғады.
Ресми жұмысқа орналасудың артықшылықтары:
* Әлеуметтік қорғау: кепілдендірілген еңбекақы, жеке зейнетақы шотына аударымдар, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақылар, ақылы демалыстар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу.
* Сотта қорғау: ресми түрде жасалған еңбек шартының болуы сотта Сіздің құқықтарыңызды қорғаудың негізгі дәлелі болып табылады.
Бұрын жұмыс берушілер азаматтық-құқықтық шарттарды жұмысшыларға, мысалы, құрылыс саласында әлеуметтік қорғау шараларын беруден жалтару үшін жиі қолданған. Жаңа заңнама мұндай тәжірибелерді жоққа шығаруға және барлық қызметкерлерге тең құқықтарды қамтамасыз етуге арналған.
Егер шартта Еңбек кодексінің 27-бабында аталған еңбек шартының белгілерінің ешқайсысы болмаса, шарт азаматтық-құқықтық болып қалады. Мұндай шарттар Азаматтық кодекспен реттеледі және олардың тараптары қызметкер мен жұмыс беруші емес, Тапсырыс беруші мен орындаушы болып табылады.
Өз құқықтарыңызды қорғаңыз-ресми түрде жұмыс жасаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1205604?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version