Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті 23.04.2026ж. сағат 11:00-де Шиелі ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Іс-шарада зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін тағайындауға, мүгедектік белгіленуіне және мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
Баршаңызды шараға қатысуға шақырамыз!
Өткізілетін орны: Шиелі ауданы, Шиелі кенті, «Арман» мәдениет үйі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1205646?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау