«Өзіңнен баста»: «Таза Қазақстан» идеологемасына сәйкес жастармен маңызды кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Орал қаласында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Өзіңнен баста!» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының идеологиясын кеңінен насихаттау, жастар арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.

Кездесуге жастар саясаты және азаматтық белсенділік саласында еңбек етіп жүрген спикерлер қатысып, студенттермен ашық пікір алмасу жүргізді. Іс-шара барысында экологиялық бастамалардың маңыздылығы, жастардың қоғамдағы рөлі, волонтерлік қызмет пен жасыл ойлау мәдениетін дамыту мәселелері қозғалды.

Сарсенбаев Нұрсұлтан Чапаевич, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

«Бүгінгі кездесудің басты мәні – жастарға «Таза Қазақстан» идеясын дұрыс түсіндіру және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Экологиялық мәдениет – ел болашағының сапасын айқындайтын маңызды фактор. Осы бағытта жастардың бастамаларын қолдау – біздің негізгі міндетіміз. Осы жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Өзіңнен баста» челленджіне бастау берген болатынбыз. Аталған челлендждің мақсаты – жастарға, тұрғындарға табиғатты, айналамызды, қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздың өзімізден басталу керек екенін түсіндіру».

Кездесу барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, спикерлерге сұрақтар қойды. Экологиялық волонтерлік, жастар жобалары мен бастамаларды қолдау мәселелері де талқыланды.

Аталмыш бағытта кездесу осыған дейін Орал қаласында орналасқан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінде ұйымдастырылған болатын. Алдағы уақытта жастарға «Таза Қазақстан» идеологемасы бойынша ақпараттық жұмыстар колледждер мен мектептерде де жүйелі түрде жалғасын таппақ.

 

#ТазаҚазақстан #Экология #ТазаҚала #EcoIdeology #TazaChallenge

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1205577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version