ңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Орал қаласы аумағында санитарлық-экологиялық айлықтың басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қатысып, көктемгі тазалық жұмыстарының барысы туралы баяндады.
Спикердің айтуынша, айлықтың негізгі мақсаты – қыс мезгілінен кейін қаланы ретке келтіру, көшелер мен аулаларды, саябақтар мен гүлзарларды тазалау, заңсыз қоқыс орындарын жою және көгалдандыру жұмыстарын күшейту.
Қазіргі таңда қалада тазалық жұмыстары басталып, бірнеше сенбілік ұйымдастырылды. Көшелер, қоғамдық орындар, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылуда. Айлық аясында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға ерекше назар аударылып отыр.
– Орал қаласы 20 учаскеге бөлініп, әрқайсысына жауапты мекемелер бекітілген. Сенбіліктер аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері өтеді. Сонымен қатар «Таза жағалау» акциясы аясында өзен жағалаулары тазартылып, қаладағы санитарлық талаптарды бақылау күшейтілді. Барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз,– деді Жандос Дүйсенғалиев.
Айта кетейік, ірі габаритті қалдықтарды шығару үшін Орал–Саратов тас жолының 7-шақырымында арнайы орын белгіленіп, сәуір-мамыр айларында қоқыс тегін қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1204984?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау