Қарқаралыда электрмен жабдықтау жүйесі жаңартылып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарқаралы қаласында электр желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Екі көшеде қуаты 250 кВА болатын жаңа трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды.

Қала әкімі Аслан Рахымбергеновтің айтуынша, жұмыстар 20 сәуірде аяқталып, нысандар пайдалануға берілген.

— Электрмен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында қуаты 250 кВА болатын екі КТП орнатылды. Бұл 120–160 абонентті тұрақты электрмен қамтамасыз етуге және желілердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Бұған дейін Мәди көшесінде кернеудің тұрақсыздығы байқалған, ал жаңа қосалқы станциялар бұл мәселені шешуге көмектесті, — деді ол.

Қала басшысының сөзінше, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады. Биыл 10 кВ желілеріндегі апатты 72 тіректі ауыстыру, 0,4 кВ желілеріндегі 7100 метр сымды СИП-кабельге алмастыра отырып жаңарту, қосымша 520 метр желіні қайта жаңғырту, 106 тіректі ауыстыру, сондай-ақ бірқатар трансформаторлық қосалқы станцияларға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

Фото: Қарқаралы қаласы әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1204932?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version