Қазақстанда дәрілік заттардың бағасы мемлекеттік реттеу аясында төмендетілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылы дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі енгізілгенін хабарлайды. Бұл тетік дәрілік препараттардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта 4994 дәрілік заттың сауда атауына шекті бағалар бекітілген. Сонымен қатар, 1707 рецептсіз босатылатын препарат мемлекеттік реттеуден шығарылып, уәкілетті органдар тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіле отырып, нарықтық қағидаттар бойынша сатылуда. Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі тұрақты негізде жұмыс істейді. Департамент Ақмола облысындағы баға жағдайына мониторинг жүргізеді. Белгіленген шекті бағалардың асып кету фактілері анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұзушылықтар туралы DariKZ мобильді қосымшасы арқылы немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне хабарлауға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1205229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version