Siz өзіңізге жұмыс істейсіз бе, қызмет көрсетесіз бе немесе өз өніміңізді сатасыз ба? Күрделі есеп жүргізуден және ЖК (жеке кәсіпкер) мәртебесінен жалықтыңыз ба? 2026 жылы сіз үшін барынша жеңілдетілген Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі (АСР) қолданылады.
Міне, заңды жұмыс істеу үшін білуіңіз керек негізгі мәліметтер:
🔹 “Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар” деген кімдер? Бұл жалдамалы жұмысшылары жоқ жеке тұлғалар (ҚР азаматтары мен қандастар). Маңызды шарт: сіздің табысыңыз айына 300 АЕК-тен аспауы тиіс.
🔹 Қанша төлеу керек? Бар болғаны 4%! Бұл режимнің басты артықшылығы — табысыңыздың тек 4%-ын ғана төлейсіз, бұл сома әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінеді:
- Жеке табыс салығы (ЖТС) — 0%.
- Әлеуметтік төлемдер — 4%. Бұған зейнетақы жарналары (МЗЖ және ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдар мен медициналық сақтандыру (МӘМС) кіреді.
Бұл тек салық төлеу емес, бұл сіздің зейнетақыңыз бен медициналық сақтандыруыңыз.
🔹 Бұл қалай жұмыс істейді? Бәрі смартфонда! 📱
Ешқандай декларация тапсырудың немесе салық органына барудың қажеті жоқ.
- « E-Salyq Business Арнайы мобильді қосымшаны» жүктейсіз.
- Сол қосымша арқылы сатып алушыларға чек бересіз.
- Қосымша төлемдер сомасын өзі есептейді.
- Төлемді жұмыс істеген айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жасау қажет.
🔹 Интернет-платформалар (такси, жеткізу) арқылы жұмыс істейсіз бе?
🚗 Егер сіз Яндекс, Glovo немесе басқа платформалармен серіктес болсаңыз, бәрі тіпті оңай. Интернет-платформа операторы сіздің салық агентіңіз болады. Ол қажетті 4%-ды өзі ұстап, аударады, ал деректер қосымшада автоматты түрде көрінеді.
🔹 Неге бұл тиімді?
- Есептілік жоқ: Бұл режимдегі жеке тұлғаларға салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ.
- Легальды мәртебе: Сіз өз табысыңызды ресми түрде растай аласыз.
- Әлеуметтік кепілдіктер: Сіз МӘМС жүйесінде сақтандырыласыз және зейнетақы жинайсыз.
Қалай өтуге болады? Бұл режимді мобильді қосымшада немесе қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген кезде таңдауға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1205039?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау