Қонаев қаласы тұрғындарының назарына

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 1-тарауының 3-тармағына сәйкес, Қонаев қаласы мәслихатының бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2026 жылғы 21 мамырда сағат 11.00-де, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, №13 мекенжайында орналасқан Мәдениет үйінде келесі сұрақ бойынша көпшілік тыңдау өткізеді:

  1. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысанның тізбесін айқындау туралы.

Осыған орай, қала тұрғындарын аталған көпшілік тыңдау жұмысына белсенді түрде қатысуларын сұраймыз.

Анықтама телефондары:

“Қонаев қаласы мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің жұмыс телефоны: 8 /72772/ 41283.

Қонаев қаласының мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1205559?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version