Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам – үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңару мен мейірімділіктің символы. Пасха әр шаңыраққа жылулық пен қуаныш сыйлап, адамдарды жақсылыққа, жанашырлық пен өзара құрметке үндейді.
Православ қауымы қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Бұл мереке отбасылық бірлікті арттырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді.
Қаламызда қалыптасқан өзара түсіністік пен сыйластық – ортақ жетістігіміздің негізі. Осындай бірлік пен келісім бар жерде тұрақты даму мен жарқын болашақ бар екені сөзсіз.
Осы мереке әр үйге шаттық, береке мен бақ әкелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық және игілік тілеймін!
Орал қаласының әкімі М.Байменов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1205072?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау