2026 жылғы 4 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл — қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосатын маңызды шара.
Осыған орай баршаңызды атсалысып, белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Тұрғындар өз аулалары мен іргелес аумақтарды, ал кәсіпкерлік нысандар өздеріне тиесілі аумақтарды тазалап, ретке келтірулеріңізді сұраймыз.
Әрқайсымыздың қосқан үлесіміз ортақ ортамыздың таза әрі жайлы болуына ықпал етеді.
Қаламыздың тазалығы – өз қолымызда!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1204989?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау